Жаңалықтар | Новости

“СҚ-Фармацияның” бұрынғы басшысы екі айға қамалды

“СҚ-Фармация” ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Берік Шәріп ұсталды. Ол екі ай бойы қамауда болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төтенше жағдай кезінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу кезінде “СҚ-Фармация” ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы өкілеттігін теріс пайдалану дерегі бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді Сыбай жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.

Қалалық сот баспасөз хатшысы Ботагөз Баянованың хабарлауынша, Берік Шәріп енді екі ай қамауда болады.

“Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Берік Шәріпке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады”, – деді ол.

Берік Шәріп 2020 жылы 21 сәуірде тегін медициналық көмектің көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша дистрибьюторлық компанияның басшысы қызметіне тағайындалған. Оған дейін ол “СҚ-Фармацияның” басқарма төрағасы қызметін атқарған.

2020 жылы 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босаған.

Комментарий