Жаңалықтар | Новости

Бразилиядан әкелінген мұздатылған тауық қанаттарынан коронавирус табылды

Жергілікті биліктің ақпарынша, аталған өнім Бразилиядан әкелінген. Ауруларды бақылау мен алдын алу орталығы Оңтүстік Америка елінен жеткізілген өнімде вирустың бар-жоғын тексерді. Тест оң нәтиже берген.

Жергілікті биліктің мәліметінше, аталған өнімге қол тигізуі мүмкін барлық қызметкерлер тексеруден өткен. Дегенмен қызметкерлерден алынған тест сынамалары теріс нәтиже көрсеткен, қоймадағы сәйкес өнімнің барлығына мөр басылған.

Бұған дейін Оңтүстік Америка елдерінен, соның ішінде Эквадордан әкелінген теңіз өнімдерінен де вирус анықталғаны хабарланған. Атап айтқанда, сәрсенбі күні Эквадордан жеткізілген мұздатылған асшаяндардың қаптамасынан коронавирус анықталған. БАҚ өкілдері мәлім еткендей, шілде айының басынан бері Қытайдың жеті қаласында осыған ұқсас жағдайлар тіркелген.

Кейбір мамандардың пікірінше, аталған өнімдердің төмен температурада сақталуы вирустардың тіршілігіне қолайлы жағдай туғызған.

Комментарий