Жаңалықтар | Новости

Бақытжан Сағынтаев: Халықтың табысы төмендеп, кедейлену жүріп жатыр, мұны мойындау керек

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала экономикасы тез қалпына келеді деген үмітін білдірді, бірақ егер карантинге қайта оралсақ, ол төтеп берме алмауы мүмкін. Ол бұл туралы “Алматы” телеарнасында тікелей эфир кезінде айтты.

“Біз болжам жасадық, егер қазір барлығын ашып, бұдан былай (карантин – ред.) болмайды деп үміттеніп отырғанда осындай жағдайға қайта оралсақ, бұдан да жаман болады, экономика мұндай салмаққа төтеп бере алмайды”, – деді әкім.

Әкімнің айтуынша, 17 тамызда карантин жеңілдей бастайды және компаниялар аудит пен тексерулерден кейін 1 қыркүйектен өз жұмысын бастай алады. Сонымен бірге, ол карантин кезінде жұмыстан шығарылғаннан кейін табысынан айырылған Алматы тұрғындарын жұмыспен қамту қажеттілігін атап өтті.

“Менің ойымша, экономика тез қалпына келеді. Біз жұмыспен қамтудың барлық бағдарламаларын ұсынамыз, бұны пайдалану қажет. Бұл мәселе бізді алаңдатады. Халықтың табысы төмендеп, кедейлену жүріп жатыр, мұны мойындауымыз керек. Біз жұмыс орындарын құрып, шағын бизнесті тез қалпына келтіріп, жұмысшыларды жұмысқа алу үшін қолдау көрсетуіміз керек. Бізде жұмыс істейтіндердің көпшілігі қала маңындағы тұрғындар болып табылатын жағдайлар да бар”, – деді Сағынтаев.

Комментарий