Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Полицейлер өзін-өзі өлтірмекші болған әйелді аман алып қалды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында полицейлер өзін-өзі өлтірмекші болған әйелді аман алып қалды, – деп хабарлайды Тengrinews.kzтілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл 6 мамырда сағат 18:50 шамасында Сарыағаш АПБ-не, Сарыағаш теміржол вокзалының жаяу жүргіншілердің өтуіне арналған теміржол торабының үстінен өткен көпірде бейтаныс азаматша өзін-өзі өлтіру мақсатында секірмекші болып тұрғаны туралы хабар келіп түскен.  Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, яғни шұғыл-тергеу тобының жедел уәкілі полиция лейтенанты Рүстем Райымбеков, тергеуші полиция лейтенанты Аман Нұрқанат, криминалист полиция лейтенанты Хасан Әбілдер тез арада барды. Жедел жеткен полицейлер көпірдің жақтауы арқылы секірмекші болған әйелді байқап қалды. Және шұғыл шараларды дер кезінде қабылдады. Өзін-өзі өлтірмекші болған әйелді әңгімеге тартып, қауіпсіз қашықтыққа алып барды. Бұл медициналық және психологиялық көмекке зәру Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты, оны содан кейін туыстарына тапсырды. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (“Өзін-өзі өлтіруге жеткізу”) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі кезде барлық болған оқиғаның жағдайының себептері анықталып жатыр. Өз кезегінде, Сарыағаш АПБ-нің басшылары полиция аға лейтенанты Рүстем Райымбековке, полиция лейтенанты Аман Нұрқанатқа мен Хасан Әбілдерге және басқа да полиция қызметкерлеріне жедел шара қолданғаны үшін және кәсіби шеберлігінің арқасында әйелді суицидтен құтқарғаны үшін алғыс білдірді.

Комментарий