Жаңалықтар | Новости

Қазақстан мен Түркия бірігіп дәрі-дәрмек шығаруға кіріспек

Түркия мен Қазақстан коронавируспен күрестегі ынтымақтастығын кеңейтуге басымдық беруде, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан мен Түркия коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрі-дәрмек шығару, өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісін оқшаулау мәселесінде ынтымақсатық құрмақ. Сондай-ақ COVID-19 емдеу және диагностикалау саласындағы ғылыми-практикалық біліммен алмасу туралы қос тарап келісім жасасқан.

“7 тамызда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Қазақстан Үкіметі делегациясының Түркияға қысқа мерзімді сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Анкара маңындағы Маниса қаласындағы аудандық ауруханаға барды. Министр COVID-19 тараған тұста медициналық мекемелердің жұмыс істеу әдісін, әлеуметтік қашықтық форматы және санитарлық-эпидемиологиялық режим сақтау тәртібімен танысып, әріптестерімен медициналық ұйымдарды тиімді басқару бойынша кеңесті. Сондай-ақ, қазақстандық делегация Медициналық және технологиялық процестерді автоматтандыру, дезинфекциялау-стерилдеу бөлімшесінің жұмысын, сәулелі диагностиканы және т.б. зерттеді” делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов пен Алексей Цой Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Фахритин Кожамен кездесті.

Денсаулық сақтау жүйесінің басшылары ауруханаларда көмек көрсету тетіктерін талқылады, карантиннен шығу бойынша тәжірибе алмасты және нысандардың азаматтарды қабылдауға дайындығы сөз болды. Министр Цой гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Түркияға алғыс білдірді.

Комментарий