Жаңалықтар | Новости

Баланы патронаттық тәрбиелеуге алу және оны асырап-бағуға ақшалай қаражат тағайындауды онлайн рәсімдеу

Егер сіз қандайда жағдайларға байланысты бала асырап ала алмасаңыз, онда баланы патронаттық тәрбиелеуге алып көріңіз. Ал, біз баланы патронаттық тәрбиелеуге алу және оны асырап-бағуға ақшалай қаражат тағайындауды онлайн рәсімдеу жолын көрсетеміз.

  • Egov.kz порталына кіріңіз;
  • Порталдың қызметтер тізіміндегі «Отбасы» бөлімінен «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» қызметін табыңыз;
  • Қызметті онлайн сұратыңыз;
  • Бірінші қадамда сұратылған мәліметтерді толық толтырып шығыңыз;
  • Егер сіз некеде болсаңыз, жұбайыңыздың ЖСН нөмірін көрсетуіңіз керек. Ал жұбайыңыз ЭЦҚ арқылы жеке кабинетінен он күн ішінде келісімін беруі шарт.
  • Екінші қадамда сіздің және жұбайыңыздың денсаулық жағдайы және сіздің біліміңіз туралы ақпараттардың скан көшірмелерін порталға жүктеу арқылы көрсетіңіз;
  • Сіз жайлы қылмыс жасау мәліметтердің жоқтығы мен жұбайыңыздың  электронды келісімін алуға рұқсат беріңіз;
  • Үшінші қадамда, жүйеден сұратылған мәліметтер порталға шыққанша жаңартыңыз. Мәліметтер 10 күнге дейін жаңартылуы мүмкін;
  • Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
  • Қызметті онлайн сұратқанда сізге төмендегі құжаттардың скан көшірмелері немесе электрондық нұсқалары қажет болады:
  • Қызметалушының, егер некеде тұрса оның; жұбайының да денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психатриялық диспансерлерде  есепте тұрмағаны жөнінде анықтамалар;
  1. Қызметалушы некеде болса, онда оның жұбайының нотариус арқылы расталған келісімі;
  2. 2008 жылға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі;
  3. Өтініш беруші отбасының жеке меншігінде тұрғын үйі болмаса, тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
  4. Өтініш берушінің білімі туралы мәліметтер;
  5. Баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
  6. Қызметтің нәтижесін 10 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз.

Комментарий