Жаңалықтар | Новости

Коронавирус: ДДҰ үміт үзбеуге шақырды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 20 миллионнан асты, ал аурудан көз жұмғандар саны 750 мыңға жуықтады. Алайда біз COVID-19 пандемиясымен күресте үміт үзбеуіміз керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

“Көптеген адам қайтыс болғандарды аза тұтып жатыр. Бұл әлем үшін қиын кезең. Бірақ мен ашығын айтайын: елдің, өңірдің, қаланың және ауылдың қайда орналасқанына қарамастан үміт бар. COVID-19-ды жою ешқашан кеш емес”, – дейді ол.

Гебрейесус Жаңа Зеландия, Руанда және Кариб теңізі және Тынық мұхитындағы мемлекеттерден үлгі алуға шақырды. Бұл елдер коронавирустың өршуіне жол бермеген.

“Жаңа Зеландия әлемде коронавируспен қалай күресу керегін көрсетті”, – деді ол.

ДДҰ бас директоры әлем лидерлерін коронавируспен күреске шақырып, тұрғындарға қарапайым сақтық ережелерін ұстанып жүруге кеңес берді.

“Мен вирусты жоюға шақырамын”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Комментарий