Жаңалықтар | Новости

АҚШ Беларусьтегі сайлауды бұрмалау деп атады

АҚШ конгресінде Беларусьтегі сайлауда бұрмалау болғаны айтылды, – деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ өкілдер палатасының сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы Элиот Энгел және комитетте республикалықтардың басшысы Майкл Маккол Құрама штаттағылар болып жатқан жағдайларға байланысты алаңдап отырғанын атап өтті.

“Беларусь билігі тарапынан шеруге шыққан бейбіт тұрғындар, демократиялық белсенділер және журналистерге қатысты әскери не штаттық формадағы қатаң шараларға алаңдап отырмыз. Әуел бастан бұрмаланған сайлаудың орнына белорусь халқы өз басшысын таңдауға, сондай-ақ үрей, зорлық-зомбылық жасалмай, өз құқығын сақтауға лайық”, – делінген Энгел мен Макколдың баяндамасында.

Конгресмендер демократиялық қоғам үшін қауіпсіздігін ортаға салғандарды қолдайтынын атап өтті. Олар президент Александр Лукашенконы “мәнсіз зорлық-зомбылық актілерін” доғаруға шақырды.

Комментарий