Жаңалықтар | Новости

Коронавирус пен пневмония деректері неге біріктірілмеді?

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда коронавирус және пневмония деректері неге біріктірілмегенін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Қазіргі таңда бұл ақпаратты жеке-жеке беріп отырмыз. Жалпы санды алғыңыз келсе, қарапайым арифметикалық әдісті қолдануға болады. Сондай-ақ, бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жалпы статистиканы өзінің ресми сайтында жариялап отыр. ДДҰ ауруды екі кодқа бөлді. Бірінші код – коронавирустың расталған жағдайы, екінші жағдай – ПТР тестілеуінің теріс нәтижесі. Алайда біз бұл деректерді біріктіргелі отырған жоқпыз”, – дейді ол ОКҚ-де өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 99 442-ге жетті. 72 523 науқас жазылды, 1 269 адам аурудан көз жұмды.

Комментарий