Жаңалықтар | Новости

Пандемия өнер саласын дағдарысқа ұшыратты

Бүкіләлемдік дағдарыс өнер әлеміне де едәуір нұқсан келтірді. Қазақстандық эстрада осыған дейінгі деңгейіне қайта келуі үшін кемі 2 жылдай уақыт керек екен. Карантин талаптары той жасатпай, концерт өткіздірмеді.

Осы кезең біраз шығармашылық адамдарын басқа мамандыққа ойыстыруы мүмкін деген де болжам бар. Әншілерге қайтсе керек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына  NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.

Үнемі шығармашылық пен ұстаздықтың арасында жүретін Мирас пен Құралай Бекжановтарды әңгімеге тарттық. Өнер иелері көппен көрген ұлы той деп біраз шаруаны тоқтатып, тәртіпке бағынып отырмыз дейді.

МИРАС БЕКЖАНОВ, ӘНШІ:

«Той, концерт репеция, гастроль бар. Университетте сабақ беремін. Алматы облысы Мәдениет басқармасына қарасты Алатау әуендерінің жеке әншілері болып жұмыс істейміз. Басқа да тіршіліктеріміз бар. Таң атқаннан кеш басқанға дейін шапқылап жүретін адамдарды осылай үйде отырғызып қойған оңай түсіп жатқан жоқ.

Шығармашылық өкілдері үшін дағдарыстың созылып келе жатқанына 8 айға жуықтаған. Одан бері екі мәрте карантин жарияланды. Қоғамық және отбасылық шараларға тыйым салынды. Осы кезең біраз өзгерістерге себеп болған екен.

АЛТЫНБЕК ТӘШІМБЕТОВ, ӘНШІ:

«Халық айтады ғой: әншілер былай тауып көріңдер ақшаны, тойда ән салып емес деп. Қазір солай жасап жатырмыз. Ұялатын ештеңе жоқ. Қолдан келетін нәрсені жасап тырысып жатырмыз.  Пандемия бізді қайшылаған сияқты. Біз қазір каверлер түсіріп жатырмыз».

Дағдарыс қауіптің ғана емес, мүмкіндіктердің де кезеңі. Продюсер Қыдырәлі Болманов тірі адам тіршілігін жасауы керек дейді.

ҚЫДЫРӘЛІ БОЛМАН, ПРОДЮСЕР:

«Қандай соғысқа, рингке шықсаң да боксқа, бизнеске кірсең де әрқашан риск бар. Бірақ сен іштей жиналып қалайда жеңемін деген ұстаным болуы керек. Өзің оған әбден сеніп алуың керек. Аллаға сенгендей ішкі сенім болу керек. Сен әлжуаз емессің, әлсіз емессің, ауырмайсың.  Онда күнде миыңа тығып отыруың керек».

Карантин кезеңінде эстрада әншілері қоғамдық өмірден тысқары қалған жоқ. Қиын жағдайға тап болғандарға көрсетіп те жасырып да қол ұшын созып жатыр. Мәдениеттанушы Гүлнәр Маханбетжанова елдің алдында жүргесін шын таланттар ісіне берік болса жарасатынын айтады.

ГҮЛНӘР МАХАНБЕТЖАНОВА, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ:

«Пандемия кезінде өнер тоқтап қалмауы керек. Өнер жалғасын табуы керек. Кезінде ҰОС кезінде Бибігүл Төлегенова, Роза Бағлановалар жүріп, елді аралап концерт берген ғой».

Бюджеттен үнем жасалуы керек болса бірінші кезекте ойын-той, шоу-концерттің қаражаты қысқарады. Сондықтан, шығармашыл жандар жаңа кезеңге бейімделуге мәжбүр.

Комментарий