Жаңалықтар | Новости

8 тамызда коронавирус статистикасы қалай өзгерді?

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын тағы 907 адам жұқтырды. Бұл бір күн бұрынғыдан 73 адамға аз.

Оның ішінде 462 науқастан ауру белгілері табылған, ал 445 пациенттің симптомы жоқ.

Жаңа дерек әдеттегідей Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шығыс Қазақстан облысында көп тіркелді.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір күнде тіркелген дерек саны:

Алматыда – 13 150 (+155);
Нұр-Сұлтанда – 12 712 (+182);
Атырау облысында – 10 535 (+24);
Қарағанды облысында – 9 245 (+85);
Шығыс Қазақстан облысында – 7 139 (+94);
Батыс Қазақстан облысында – 6 211 (+51);
Шымкентте – 5 082 (+12);
Алматы облысында – 4 663 (+40);

Жамбыл облысында – 3 839 (+35);
Павлодар облысында – 3 484 (+15);

Солтүстік Қазақстан облысында – 3 461 (+42);
Қызылорда облысында – 3 169 (+26);
Маңғыстау облысында – 3 095 (+32);
Ақтөбе облысында – 3 093 (+8);
Қостанай облысында – 3 021 (+33);
Түркістан облысында – 2 965 (+36);
Ақмола облысында – 2 965 (+37).

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 97 829ға жетті.

7 тамыздың қорытындысы бойынша Қазақстанда 929 адам COVID-19 инфекциясынан жазылды. Ал ел бойынша 71 609 адам ауруынан айықты.

Комментарий