Жаңалықтар | Новости

Елімізде халық санағын жүргізу келесі жылға қалдырылды

Қазақстан биыл халық санағын жүргізбейтін болды. Ауқымды шара келесі жылға қалған. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, санақты кейінге шегеруге коронавирус пандемиясы себеп болған деп хабарлайды КТК арнасы.  

Соңғы рет елдегі азаматтар санын анықтау 2009 жылы жүргізілген. Сол кезде Қазақстанда 16 миллион 400 мың адам болған-ды. Алайда ауқымды іс-шара техникалық жағдайларға байланысты 2019 жылға, кейін 2020 жылға ауыстырылған.

Енді тағы да өзгертіліп, келесі жылға шегеріліп отыр. Шенеуніктер ұлттық халық санағына 8,2 миллиард теңге керек деп, қаржысын да санап берген.

Айта кетейік, халық санағын жүргізу тәртібі өзгеріссіз қалған. Қазақстандықтарға мамандандырылған сайтта сауалнама толтыру керек. Жиналған мәліметтерді мамандар планшетке тіркеп, халық арасында жаппай сауалнама жүргізеді.

Комментарий