Жаңалықтар | Новости

“Абайтану” оқулығы мектеп пен ЖОО бағдарламаларына енгізілмек

Алдағы уақытта мектеп бағдарламасына “Абайтану” оқулығы мен хрестоматиясы енгізіледі. Қазір ол дайындалып жатыр. Бұл туралы жақында ашылған “Abai tv” телеарнасының “Сарасөз” бағдарламасына сұхбат берген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Мұнан өзге, Абайдың ғылыми-зертеу орталығы ашылмақ.

Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-кемеңгерінің 175 жылдығын дүркіретіп тойлау жоспарда бар еді. Алайда эпидемиологиялық ахуалға орай мерейтойды өткізу мүмкін болмады. Карантин салдарынан халық қатысуы тиіс шаралар қысқарғанымен, тойдың мазмұнды өтуіне кедергі емес.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Ең негізгі мәселе, Абайдың шығармаларын дүниежүзіндегі өркениетті елдердің 10 тіліне аударып шығардық. Абайтану оқулығы мен хрестоматиясы дайындалып жатыр. ЖОО-ның филология, тарих факультеттеріне міндетті түрде енеді.

Сондай-ақ, Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінде Абайдың арнайы орталықтары ашылады. Елімізде де бұл жұмыс бір жүйеге келіп, ғылыми-зерттеу институты құрылды.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

ЕҰУ-да Абай академиясының ғылыми-зерттеу институтын құрдық. Өйткені, абайтанумен айналысатын ғылыми орталықтар көп. Бірақ бір жүйеге келмеген. Бір жерде болсын деп Абай академиясының ғылыми-зертту институтын құрғанымыз сол.

Комментарий