Жаңалықтар | Новости

Алматыда коронавирустың 1400 ошағы анықталды

Алматыда коронавирустың 1400 ошағы анықталды. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Бүгінде біз ошақтарды бақылауда ұстап отырмыз. Үнемі тазалап, аймақты дезинфекциялайтын 1400 ошақ бар. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жасаймыз. Және үй карантинінің сақталуын қадағалаймыз. Біздің эпидемиологтар 48 мың адамды анықтап, бақылауға алды. Олар науқастармен жақын байланыста болған”, – дейді Жандарбек Бекшин.

Еске салайық, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 13 170-ке жетті. Оның ішінде, 7965 адам аурудан айыққан, жалпы 164 адам қайтыс болған.

Комментарий