Жаңалықтар | Новости

Бейруттаға жарылыс: қаза тапқандар саны 149-ға жетті

Жергілікті Lorient-Le Jour газеті Ливан Денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөздерінің мәліметіне сүйеніп, Бейруттаға жарылыс салдарынан қайтыс болғандар саны 149-ға жеткенін жазды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін 137 адам қайтыс болды және бес мыңға жуық адам жарақат алғаны хабарланған.

Еске салайық, Бейрут теңіз портының ауданында орналасқан Ливанның әскери-әуе күшінің базасында  сейсенбі күні жойқын жарылыс болды. Салдарынан ондаған үй, көліктер қирады және қаладағы бірнеше кварталдағы үйдің терезелері сынған.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жарылысқа 2014 жылы кеден қызметкерлері тәркілеп, қоймада сақталған 2750 тонна аммиак селитрасының детонациясы (іштен тұтанатын қозғалтқыш отының әрі тұтануы, әрі аса тез жануы) себеп болған.

Комментарий