Жаңалықтар | Новости

Қауынды кімдерге жеуге болмайды?

Қауынды суық сумен, сүтпен және алкогольдік ішімдікпен бірге жеуге болмайды. Бұндай ас мәзірінен бірден асқазан ауырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

РИА Новости басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, қауын асқазанға ауыр тиеді. Сол себепті оны аш қарынға немесе бірден тамақтан соң жеуге болмайды.

Сонымен қатар, мамандар зиянды заттар, негізінен, қабығына жақын жерде болатынын ұмытпауға кеңес береді. Асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдікті қант диабеті, асқазан жарасы бар адамдарға, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерге жемеген жөн.

Ол калий, магний, темір, С және Р дәрумендеріне бай. Сондықтан шөлді қандырып, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Одан бөлек, қауын тыныштандыратын қасиеті бар.

Комментарий