10 тамыз Қазақстанда жаңа мереке – Абай күні болып бекітілді. Қазақстандықтар жаңа мереке жұмысшылар үшін демалыс күні бола ма деген сұраққа қызығушылық танытты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” Заңға сәйкес ұлттық және мемлекеттік мерекелер еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері деп есептеліп, жұмыс істемейтін күндер болып саналады.
4 тамызда “ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы” ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді:
“Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
“22-1. Абай күні – 10 тамыз”.
Осылайша, жаңа мереке “Шахтер күні”, “Отбасы күні”, “Құтқарушы күні” және басқа да демалыс күндері болып саналмайтын мереке тізіміне енді.
Еске салайық, 2020 жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдығы тойланады.
Комментарий