Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда жаңа мереке – Абай күні бекітілді

“ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді.

“Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

“22-1. Абай күні – 10 тамыз”.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі”, – делінген құжатта.

Комментарий