COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияға қатысты ақпаратты жария етті.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 1 799 жаңа дерегі және 17 өлім жағдайы тіркелді.
1 тамыздан бері барлығы 8 054 пациент коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония жұқтырған, 86 өлім жағдайы тіркелді, – деп хабарлады комиссия.
Бұған дейін ведомствоаралық комиссия Қазақстандағы коронавирус инфекциясы ахуалы туралы ақпаратты жариялады. Елімізде COVID-19 инфекциясын барлығы 94 882 адам жұқтырды.
Комментарий