Жаңалықтар | Новости

Шымкентте қару ұрлаған сарбаз: іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті

Шымкентте Ордабасы ауданындағы әскери бөлімде қару-жарақ ұрлау ісі бойынша бірінші сот отырысы өтті. Іс сегіз адам бойынша жүріп жатыр, – деп хабарлайды “Отырар”

Еске салайық, Түркістан облысында сарбаз қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен. 20 ақпанға қараған түні кіші сержант қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалған.

“Сол уақытта атыс қаруының саны азайғаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күшімен әскери қызметкер мен жоғалған қаруларды іздеу және ұстау бойынша шұғыл шаралары жүріп жатыр”, – деді ведомстводағылар.

Комментарий