Жаңалықтар | Новости

21 250 теңге қашан беріледі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілдеде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде бір реттік төлем тағайындауға 2,4 миллион өтініш қабылдады. Төлем шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға арналған деп ведомствоның баспасөз қызметі.  

“4 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 142 мың қазақстандыққа аударылды”, – делінген хабарламада.

Қазақстанда карантиннің тағы екі аптаға созылуына байланысты бір реттік төлем алатын 799,6 мың адамға 21 250 теңге қосымша төлем тағайындалды.

Ведомсвто мәліметінше, осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тен біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Министрлік қайта өтініш берудің қажеті жоқ екенін мәлім етті.

Комментарий