Жаңалықтар | Новости

Бейруттағы жарылыс: 10 адам мерт болып, жарақат алғандар 100-ден асты

Ливан астанасы Бейрут қаласында болған жойқын жарылыс салдарынан кемінде 10 адам көз жұмып, 100-ден аса адам жарақат алды, деп хабарлайды Reuters.

Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, ағымдағы жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылды.

Жергілікті биліктің алдын-ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған. Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келді.

Комментарий