Жаңалықтар | Новости

Ливандағы Қазақстан консулы жараланды

Жарылыс толқынынан Қазақстан елшілігінің ғимараты зақымданды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметі жарылыс толқыны Қазақстан Республикасының Ливандағы Дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келтіргенін растады.

Дипломатиялық миссия қызметкерлері бұл уақытта жұмыс күні аяқталғандықтан кеңседен кетіп қалған. Консул жұмыста қалған. Жарылыс толқыны жеткенде ол жеңіл жарақат алды.

– Біздің дипломаттарымыз жергілікті билікпен үздіксіз байланыста, Ливан территориясында жүрген Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы ақпараттар тексерілуде, – делінеді хабарламада.

Комментарий