Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | НовостиЭкономика

Есепшоттағы қаржыны бұғаттау санкциясын прокурорлар береді

Соттардың жүктемесін оңтайландыруға арналған заңда прокурорларға қосымша міндеттер беру қарастырылып отыр. Аталған заң ағымдағы жылы 3 ақпанда күшіне енеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының төрағасы Ернар Ибраевтың айтуынша, бұған дейін санкциялардың басым бөлігін соттар беріп келген. Енді, жаңа заңның аясында соттардың жүктемесі азаяды.

«Өзгерістерді нақты екі топқа бөлуге болады. Біріншіден, жеке меншікке арест салуға сот санкциясын алудың қажеті жоқ. Бұл дегеніміз, сот орындаушылары оны санкциясыз сала алады. Екіншіден, санкция берудің біраз бөлігі прокуратура органдарына беріледі. Соның ішінде банк есепшоттарында жатқан ақшаны бұғаттау, екінші деңгейлі банктерден жеке мәліметтерді талап ету, құқықтық құжаттарды алу және тағы басқа санкциялар бар. Былайша айтқанда, санкциялардың барлығы қалады, бірақ оны беретін орган өзгеріп отыр», — деді Е.Ибраев Астанада өткен дөңгелек үстелде.

Оның сөзіне қарағанда, соттың құзыретінде екі-ақ санкция қалады. Біріншісі — Қазақстан аумағынан шығуға уақытша шектеу қою, екіншісі — жауапқа тартылған адамды сот орындаушысына мәжбүрлеп жеткізу.

«Осылайша, санкциялардың 71 проценті прокуратура органдарына беріледі. Ал 14 проценті соттарда қалады», — деп атап көрсетті Е.Ибраев.

Айта кетейік, бүгінгі жиында палата басшысы сот шешімдерінің орындалуы неге ұзаққа созылып кететінін түсіндірді.

Комментарий

Бөлісу | Поделится