Аймақтар | РегионыЖаңалықтар | Новости

Алматы облысында Абайдың 175 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен “Абай мұрасы – халық ұлағаты” атты республикалық онлайн конференция өтті.

Онлайн конференцияға “Хәкім Абай” ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жабал Шойынбет, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті “Абайтану” орталығының ғылыми қызметкері Мақсат Әліпхан, жазушы, әдебиет зерттеушісі Елдос Тоқтарбай, жазушы-драматург Әлібек Байбол, Шығыс Қазақстан облысы Абай атындағы әмбебап кітапхана директорының кітапхана орынбасары Гүлмира Аязбаева қатысты.

Комментарий