Аймақтар | РегионыЖаңалықтар | Новости

Алматы облысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған бірқатар мәдени шара өткізілмек

Халқы­мыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының туғанына биыл – 175 жыл. Осыған орай Алматы облысында бірқатар мәдени шара қолға алынған.  

Оның ішінде:

  • “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында аймақтағы 278 кітапхананың қатысуымен “Ұлы даланың ұлы тұлғалары” виртуал кітап көрмесі;
  • Абай өлеңдерін оқудан поэтикалық марафондар;
  • Жастар арасында Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айтудан челлендждер;
  • Абай оқулары шаралары өткізіліп жатыр.

Сонымен қатар Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Жетісу жазба ақындарының арасында “Абайға арнау” мүшәйрасы ұйымдастырылып, сайыс қортындысы бойынша іріктелген 178 өлең “Адамзаттың Абайы” атты өлеңдер жинағына еніп отыр.

Комментарий