Жаңалықтар | Новости

Коронавирус жұқтырған адам қалай жөтеледі?

Мәскеудегі Коммунарка ауылындағы аурухананың бас дәрігері Денис Проценко коронавирус жұқтырған адам қалай жөтелетінін айтты, – деп хабарлайды “Российская газета“.

Оның айтуынша, коронавирустан туындайтын жөтел ерекше.

“Ауыр жөтел емес, үстірт. Сонымен қатар, тамақ жыбырлап қоймайды”, – деп түсіндірді дәрігер.

Ол осы белгілер бойынша бірден диагноз қоюға болатынын айтты.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда жаңа COVID-19 коронавирустық инфекцияны пандемия деп жариялады. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде инфекция жұқтырған 17,3 миллионнан астам адам бар,  675 мыңнан аса адам қайтыс болды.

Комментарий