Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус бойынша статистика қалай біріктіріледі?

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда пневмония мен коронавирустың біріккен статистикасы қалай есептелетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біріккен статистикаға көшу 1 тамыздан басталады деп жоспарланған. Бүгін сағат 11:00-де денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысатын брифинг болады деп күтілген, алайда ол дүйсенбіге ауыстырылды.

Бағдат Қожахметов статистика біріктірілгенін айтты.

“1 тамыз деп жоспарланғандай Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттық жүйеге деректерді енгізу үшін жаңа кодтау алгоритмдері бойынша COVID-19 есебін жүргізе бастады. Одан кейін бір тәулік өткен жоқ, мәліметтер әлі де жаңартылып жатыр. Сондықтан бүгін шығып, методиканы енгізгенімізді айтып, ал нақты сандар ертең дайын болатынын айтқанымыз дұрыс емес болар”, – деді ДСМ ресми өкілі.

Қожахметов 2 тамызда жаңартылған мәлімет берілетінін айтты.

“Ол жерде 1 тамыздағы ПТР-тесті оң және теріс нәтиже көрсеткен коронавирус жағдайлар санын айтамыз. Біз оларды “ықтимал жағдай” деп атаймыз”, – деп түсіндірді Қожахметов.

Еске салайық, 17 шілдеде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пен пневмония статистикасы тамызда біріктірілетінін мәлімдеген болатын. Министр елімізде 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында 234 187 пневмония дерегі тіркелгенін атап өтті.

Комментарий