Қоғам | Общество

Нұр-Сұлтан әкімдігі WhatsApp-та балабақшалар туралы тарап кеткен хабарламаға қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан әкімдігі WhatsApp желісінде балабақшалар жөнінде пайда болған хабарламаларға қатысты мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желіде елордалық балабақшаларда топтарды құрамдау 13 мамыр күні басталатынын жайлы ақпарат таралуда деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ата-аналар чатында осы бастан кезекке тұруға шақырып жатыр. Елорда әкімдігі өз кезегінде, балабақша орындары тек бірінші маусым күні босайтынын айтты. Олар топтарды құрамдау маусымның екіні жартысында өтетінін жеткізді.

Астаналықтарға балабақша орындары e.astana.kz сайтында күнделікті жарияланып тұратынын ескертілді. Кезекке онлайн түрде кез келген уақытта, тәулік бойы тұруға болады.

Комментарий