Жаңалықтар | Новости

ШҚО-да улы өрмекшілер қаптап кетті

Шығыстағы кейбір саяжайларда улы өрмекшілер пайда болды. Әсіресе қалаға жақын Ұлан ауданында көбейіп кеткен деп хабарлайды Хабар24 арнасы. 

Тұрғындардың айтуынша, сары түсті жәндіктер тек еліміздің оңтүстігінде болады. Ал биологтар өрмекшінің бұл түрінің шығыста пайда болуына биылғы ыстық, жауынсыз күн райы әсер етуі мүмкін екенін алға тартты. Мамандар сары өрмекші өте сезімтал болғанымен адамға зияны жоқтығын айтады.

Дегенмен шақса, бірден өлтіріп жібермегенімен уы денеге жайылып, қауіп төндіреді. Сондықтан мамандар табиғат аясына шыққанда немесе саяжайда жұмыс істегенде жабық киім және қонышы ұзын етік киюге кеңес береді.

“Адам өміріне бүйі мен қарақұрт өте қауіпті саналады. Қалған жәндіктер де қауіпті болғанмен шаққан жеріне сілекейі арқылы уын қалдырады. Сол арқылы қоректенеді деуге болады”, – дейді биолог Константин Прокопов.

Комментарий