Жаңалықтар | Новости

1 тамызда ковид пен пневмонияның біріктірілген статистикасы жарияланады

1 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус және пневмонияның біріктірілген статистикалық мәліметтерін жариялауға уәде берді, деп хабарлайды zakon.kz.

– Қазір барлық дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. 1 тамызда біз өзіміздің көзқарастарымызды түсіндіру мақсатында Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізуді жоспарлап отырмыз. Коронавирус және коронавирустық пневмония туралы біріктірілген статистика да сол кезде жарияланады, – деді Алексей Цой ОКҚ-дағы брифингінде.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен пневмония аурулары туралы статистикалық мәліметтер бірге қарастырыла бастайды.

Комментарий