Жаңалықтар | Новости

Екі апталық карантиннен кейін бірінші кезекте қандай субъектілер жұмысқа кіріседі?

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекеттік комиссияның коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі шешімін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол қатаң шектеу шаралары 5 шілдеде енгізілгенін атап өтті.

– Қабылданған шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдайды айтарлықтай тұрақтандырды, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесіне түскен ауыртпалықты азайтты. Күнделікті өсім 4-тен 1,7% -ға дейін төмендеді. Сауығып кеткендердің саны 66% дейін өсті. Науқастармен қамтылған төсек-орын көлемі 90-дан 40 пайызға дейін азайды. 7 аймақта 15 қосымша уақытша аурухана жабылды. Жедел жәрдем қызметіне келіп түсетін қоңыраулар саны 40% азайды. Оның ішінде коронавирус мәселесі бойынша – 50%, пневмония бойынша – 35%, – деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі басты міндет – қабылданған шаралардың оң нәтижесін оңтайландыру. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Премьер-Министрдің төрағалық етуімен Мемлекеттік комиссия карантин шараларын екі аптаға ұзарту туралы шешім қабылдады.

Тоғжанов қазір екі аптадан кейін бірінші кезеңде ашылатын кәсіпкерлік субъектілер тізімі құрылғанын айтты.

Бұл сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, бөлшек сауда желілері, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сұлулық салондары, балалардың коррекциялық мекемесі, білім беру орталықтары, үйірмелер, балабақшадағы мектепке дейінгі кезекші топтар.

– Алдағы екі апта – бұл кәсіпкерлік субъектілерге жұмысқа кірісуге дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік, – деді вице-премьер.

Әрбір нысан үшін нақты санитарлық шаралар қолданылады.

Комментарий