Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | Новости

Бүгін Құрбан айт мерекесі басталды

Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі. Ол жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының онында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталып, 3 күнге созылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты Құрбан айт мейрамындағы құрбандық шалу талаптарын жария етті. Биыл мереке 31 шілдеге келіп тұр.

Мұсылманның мәртебелі екі мейрамының бірі саналатын Құрбан айт – Алла разылығы үшін құрбандық малы шалынып, мұсылмандар шаттыққа бататын күн. Дәл осы күні қасиетті Меккеде қажылық парызын өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафат тауында жалбарынып, дұғалар оқиды, Жаратқаннан тілек тілейді.

Бұл күні мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, құрбандық шалады. Бұл – мерекенің ең маңызды рәсімі. Дегенмен, биыл еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық шалуға тапсырыс беру мен мұқтаж жандардан өтініш алу онлайн режимде жүзеге асырылады. Ол үшін Qurban2020.kz сайты арқылы өтініш беру керек.

Адам баласы Құрбан айт күні қан шығарудан басқа абзал амал арқылы Алла тағалаға жақын болған емес. Құрбандық ретінде шалған малы қиямет күні мүйізі, тұяғы және жүнімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай тұрып Алла тағаланың құзырында ерекше жоғары дәрежеге жетеді. Сондықтан да құрбандарыңды шын жүректен әрі ризашылықпен шалыңдар, – деген Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) құрбан шалудың қаншалықты жауапты әрі сауапты іс екенін меңзейді.

Комментарий