Жаңалықтар | Новости

Қазақстанның қай өңірінде жаңа көлік көп, қай өңірде ескі көлік көп?

Елдің қай өңірінде тіркелген жаңа жеңіл автокөлік көп, қай жақтың халқы ескі көлікпен жүруге мәжбүр екенін Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу барысында анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің статистикасына сенсек, елде 3884,4 мың жеңіл автомашина тіркелген, Автокөліктердің басым көпшілігі 10 жылдан асқан – 65% (2 537 083 бірлік).

Шыққанына 7-10 жыл болған көліктер 6% (248 696 бірлік).

3 жылдан 7 жылға дейінгілері – 15,2% (592 249), ал соңғы үш жылда шыққан автокөліктер – 11% (425 222).

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметтеріне сай, Freedom Finance Insurance мамандары жаңа автомашиналарды жиі кездестіруге болатын аумақтарды, сонымен қатар, ескі автомашиналары көп аймақтарды анықтады.

3 жылдан аспаған көліктер көп тіркелген өңірлер:

1 орын – Алматы қаласы, тіркелген көлік саны 73 525, 3 жылға толмаған көліктер – 17%.

2 орын – Нұр-Сұлтан қаласы, жаңа көліктің үлесі 14%.

3 орын – Қарағанды және Атырау облыстарында – 6%.

4 орын – Алматы және Қостанай облыстары бөлісті – 5%.

5 орын – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары. Жаңа көліктің үлесі 4% құрайды.

Ескі көлік ең көп тіркелген өңір –  Алматы облысы. Мұнда 392 160 жеңіл көлік құралы тіркелген, оның 15% – он жылдан асып кеткен көлік құралдары. Ал Алматы қаласы – 10%, Шығыс Қазақстан облысы – 9%, Қарағанды облысы – 8%, Жамбыл облысы – 7%.

Комментарий