Жаңалықтар | Новости

Алматыда демалыс күндері автобустар мен метроның жұмысы тоқталады

Алматыда үш күнге – 31 шілдеден 2 тамызға дейін қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Алматының Көлік холдингінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарланған.

“Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес мереке және демалыс күндері (31 шілде, 1-2 тамыз) Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің, сондай-ақ метрополитеннің жұмысы тоқтатылатындығын естеріңізге саламыз”, – делінген хабарламада.

Қоғамдық көліктер дүйсенбі, 3 тамыз таңғы сағат 06:00-ден бастап жұмыс істейді.

Еске салайық, Алматыда, 30 шілдедегі жағдай бойынша, COVID-19 жұқтырған 11 652 адам анықталған. Оның ішінде, аурудан айыққан – 7001 адам, қайтыс болғандар – 111.

Комментарий