Жаңалықтар | Новости

Алматыда адам көп жиналған жерді смартфон арқылы анықтайды

Алматыда Цифрландыру басқармасы мобайл қолданба арқылы адамдардың жиналуын тексеріп отырады. Бұл туралы басқарма басшысы Баян Қоңырбаев айтты.

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, Алматыда мамырдан бері қалаға пандемия кезінде анализ жасап отыратын жоба іске қосылған. Соның көмегімен адам көп жиналатын жерлерді қадағалауға болады. Жүйе ведомствоаралық комиссияның штабында жұмыс істейді, ол коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жедел шешім қабылдауға көмектеседі.

Жүйедегі деректер әр сағат сайын жаңарып отырады. Бұл қала бойынша өзін-өзі оқшаулау индексін тіркеуге және адам ең көп жиналатын орындарды анықтауға мүмкіндік береді. Жүйеде ұялы операторлар ұсынған жеке деректер жоқ, онда бәрі статистика форматы бойынша. Қолданушының аты-жөнін, ЖСН-ін, тіпті телефон нөмерін білмейміз. Біздің көретініміз адамдардың қала ішінде базалық станциялар бойынша жүріп-тұруы ғана, – дейді Баян Қоңырбаев.

Комментарий