Жаңалықтар | Новости

Коронавирус: халық санағын келесі жылға ауыстыру ұсынылды

Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке халық санағын келесі жылға ауыстыруды ұсынды. Бұл туралы ҰЭМ Руслан Дәленов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“Халық санағы 1-30 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған. (…) Коронавирус инфекциясының жаппай таралмауы үшін Ұлттық экономика министрлігі биыл өтетін халық санағын келесі жылға ауыстыру туралы Үкіметке ұсыныс айтты. Басты себеп – санаққа қатысушылар мен санақты жинайтын персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз”, – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Қазақстанда халық санағы биыл 1 қазаннан 30 қазанға дейін өткізу жоспарланған.

Комментарий