Жаңалықтар | Новости

Елімізде рестораторлар мен кафе иелері қарыздарын өтеу үшін пәтерлерін сатуда

СҚО-да қатаң шектеу шаралары салдарынан көптеген жергілікті кәсіпкерлер айтарлықтай шығынға ұшырап жатыр. Әсіресе, рестораторлар қиындықтарға тап болуда. Осы орайда кәсіпкерлер қарыздарын қайтару үшін пәтерлері мен көліктерін сатуға мәжбүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

Коронавирус пандемияcы жергілікті кәсіпкерлердің қалтасына ауыр тиген. Қазақстандағы мейрамханалардың белгілі бір қызметіне республиканың бас санитар дәрігері ресми түрде рұқсат бергеніне қарамастан, жергілікті эпидемиологтар бұл қызмет түріне толық тыйым салды деп хабарлайды “Астана” телеарнасы.

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустың эпидемиялық жағдайы қиын. Бұл аймақта тек даладағы кафелерге ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген. Бұл жергілікті кафе мен мейрамханалардың иелерін алаңдатады, өйткені аймақтағы ойын-сауық мекемелердің тек 23 пайызында ғана террассалар бар.

Компромисс табу үшін кәсіпкерлер тіпті өздерінің алгоритмін ойлап тапқан. Олар барлық жерде санитарлық құрылғыларды орнатуға, келушілерді қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы орындар ұйымдастыруға уәде беретінін айтты. Ал бас санитар дәрігерлер бұл жеткіліксіз деп отыр. Сарапшылар жұмыстар қайта басталу үшін ауырғандардың саны азаюы керек екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, 3 тамыздан бастап елімізде 5 шілдеде жарияланған қатаң карантин қайта жеңілдетілуі мүмкін. Бұл туралы күні кеше Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысы кезінде мәлімдеді. Егер карантин жеңілдетілсе, онда:

  • Уақыты мен күндер бойынша шектеулермен сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түліктік емес базарлардың;
  • Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелердің;
  • Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелерінің;
  • Сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, алдын ала жазылу бойынша маникюр және педикюр салондарының қызметіне рұқсат берілмек.

Комментарий