Жаңалықтар | Новости

Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

Қытайда коронавирустың жаңа түрімен күрес күшейтілді деп хабарлайды NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, аспан асты елінде COVID-19-дың басқа түрін бір тәулікте 68 адам жұқтырған. Олардың төртеуі – шетел азаматтары, ал алпыс төрті – жергілікті тұрғындар. Инфекция Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 57, Ляонин провинциясында 6, Бейжің қаласында бір адамнан анықталғаны белгілі болды.

Осы орайда жұқпалы дертті дер кезінде тоқтату мақсатында екі қаланың миллиондаған тұрғыны COVID-19-ға тест тапсырып жатыр. Алайда вирус соның өзінде бес аймаққа тарап үлгерген.

Соңғы деректер бойынша, әлемде коронавирусқа шалдыққандар 16 миллионнан асып кетті. Оның 10 миллионға жуығы жазылып шықса, 654 мыңы көз жұмған.

Ал елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1544 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 86 192-ге жетіп отыр.

Комментарий