Судья мінбері | Судебная система

Судьяның құзіретін кеңейтетін құжат

Осы айдың басында Азаматтық процестік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мемлекет басшысы қол қойып, жаңа құжат іске қосылған болатын. Уақыт сұранысына сай толықтырылып, судьялар мен адвокаттардың, заңгер мамандардың ұсынысымен өзгертілген құжатта артықшылықтар өте көп.

Мәселен бұрынғы қолданыстағы АПК-те судьяның процестік еркіндігі жоқ болатын. Соттың соңғы шешімі шыққанға дейін ондаған сот отырыстары өткізілетін. Яғни көптеген сот отырыстары уақытты алатын. Соттың әртүрлі ұйғарымдары, шешімдері шыққанға дейінгі әрекеттер өте ұзақ болатын. Судьяларға да қағазбастылық көп жүктелген еді. Судьяның ол рәсімдерді орындамасқа, қағазбастылықтан бас тартуына амалы жоқ. Өйткені заңның талабы сондай болатын. Ал енді АПК-ға енгізілетін түзетулерге сай судья мұндай жүктемелерден, басы артық әрекеттерден  арылған. Қолданыстағы заңнамада судьяның әрбір әрекеті қатаң регламентке бағындырылған. Мәселен екі тарап сотқа келді делік, дау болған соң бірін бірі айыптайды. Айыптауға сәйкес позициясы дұрыс бірақ дәлелдемелері жеткіліксіз болған жағдайда судья оған көмек бере алмайды. Егер көмек көрсеткен жағдайда екінші тарап «бейтараптық прицпін бұзуына» орай айыптайды. Ал талқыдағы заң жобасына енгізілетін түзетулерге сай судья екі тарап ұсынбаған дәлелдемелерді сұрату арқылы ақиқатқа жетіп қана қоймай, процес барысында тараптардың уәждеріне қатысты дауға сай өз пікірін де білдіруге құқығы бар. Яғни Судья біліктілігіне, тәжірибесіне сене отырып, ақиқатқа жетуге біршама жол қысқаруына мүмкіндік берілген. Бұл осы кодекстің ең үлкен жетістігі деуге болады. Яғни Судьялардың құзіреті жаңа заңнамада біршама кеңейтілген.

Тағы бір айта кетер жайт, егер тараптар келісім берген жағдайда дауды Астана халықаралық қаржы орталығының сотына беру көзделеді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес Елордада Астана халықаралық қаржы орталығы құрылған болатын. Оның жанына АХҚО Соты мен Халықаралық арбитраж төрелік орталығы ашылған еді. Бұл шетелдік ағылшын-саксондық құқық жүйесі негізінде құрылған соттар. Қазақстанның сот жүйесіне кірмейтін халықаралық стандартарға сәйкес ағылшын құқығы бойынша жұмыс істейді. Онда ірі инвесторлардың даулары, қаржылық даулар қарастырылады. Жаңа заңға енгізілген өзгерістерге сай егер тараптар ісінің АХҚО қаралғанын қаласа өтініш беру арқылы жүзеге асыруына болады. Бұл жаңа заңның тағы бір ерекшелігі деп айта аламыз. Жалпы толықтырулар енгізілген Азаматтық процесттік кодексте

Идирисов Мэлс Ермаганбетович, Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының судьясы.

Комментарий