Жаңалықтар | Новости

3 тамыздан кейін қандай шараларға рұқсат етілмейді?

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан бастап елімізде бірқатар нысандардың жұмысына рұқсат етіліп отырғанын, сондай-ақ қандай нысандарға қатысты әлі тыйымның күші жойылмайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ары-бері жүрген адамдарға қатысты мынандай талаптар бар:

– Көшеге шығу, саябақтарда, алаңда және жағалауда қыдыру – топтасу 3 адамнан аспауы тиіс;
– Бетперде тағу, санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, кондукторы бар, тиеген жолаушысы 50% -дан аспайтын, белгіленген уақытты сақтаған жағдайда қоғамдық көліктердің жұмыс істеуіне (соңғы аялдамада барлық есіктердің ашып, дезинфекция жасау) рұқсат етіледі.

Сонымен бірге мынандай шараларға тыйым салынады:

– қоғамдық іс-шаралардың барлық түрлеріне, ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, сауда үйіндегі тамақтану алаңдарының, банкет залдарының жұмысына.

– мейрамханалар, барлар, түнгі клубтар және ойын клубтарына жұмысына;

– мәдениет нысандарының, музейлердің, конференц залдардың, көрмелердің, форумдардың;

– спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, жағажайлардың, аквапарктардың;

– діни ұйымдардың;

– қала маңындағы жолаушылар пойыздарының (электр пойыздары, жұмыс істейтін пойыздарды қоспағанда), қалааралық автобустардың (микроавтобустар) жүруіне тыйым салынады.

– Ұсынылған шараларды қатаң сақтау біздегі жағдайды тұрақтандырып қана қоймай, аурудың өсу қарқынының төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, әзірленген тәсілдерді мемлекеттік комиссияға тапсыру үшін мұны Сізден мақұлдауыңызды сұраймын, – деді Цой үкімет отырысында.

Комментарий