Жаңалықтар | Новости

Көшелерді дезинфекциялау пневмония тудыруы мүмкін бе?

Вирусты ұшақтан немесе тікұшақтан шашып, таратуға бола ма? Бұл туралы бүгін онлайн-брифинг барысында Фтизиопульмонология орталығының пульмонологы Абзал Малбасқанов айтты.

Дәрігердің айтуынша, мұндай қауесеттерді вирус тақырыбында “хайп” қуалап, “тікұшақтар мен ұшақтар мақсатты түрде ұшып, пневмонияны тудыратын белгісіз вирустар мен ауруларды таратады” дейтін алып-сатарлар ойлап табады. Абзал Малбасқанов бұл шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар ол еуропалық ғалымдардың тұжырымына сілтеме жасап, егер жер бетіндегі коронавирус инфекциясының барлық мөлшерін жинаса, салмағы бір келіден де аспайтынын жеткізді. Маман дезинфекциялық заттардың мөлшері вирустың массасынан әлдеқайда артық екенін атап өтті.

“Кейбір адамдар теориялар мен астыртын әрекеттер жасап, өзін-өзі жарнамалайды, және осындай жолмен ақша тауып, күн көріп те жүруі мүмкін. Олар адамдардың тағдырына немқұрайлы қарайды, ал олардың әрекетінен қарапайым азамат зардап шегеді”, – дейді Абзал Малбасқанов.

Сонымен қатар, оның сөзінше, дезинфекция үшін қолданылатын құралдар пневмонияны емес, аллергияны тудыруы мүмкін. Сондықтан дезинфекция адамдар жоқ жерде, арнайы қорғаныс костюмдерін киіп жүргізіледі, тұрғындардан үйден шықпауы сұралады дейді дәрігер.

Сондай-ақ, Абзал Малбасқанов аурудың алдын алу үшін үйде зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, тазалық сақтау қажет екенін, коронавирустан ғана емес басқа да инфекциялардан сақтану үшін қолды жиі жуып тұру керектігін еске салды.

Комментарий