Атыраулық эколог Арман Хайруллин алдағы жылды Қазақстандағы экология жылы деп жариялауды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның пікірінше, елімізде экология мәселесі өте өзекті.
“Қазіргі таңда Атырауда экологиялық апокалипсис болып жатыр. 1990 жылдан осы күнге дейін ауа бассейіне 4 миллион тонна уытты қалдықтар шығарылған. Осының барлығы біздің денсаулығымызға зиян келтіріп отыр”, – деді ол министрлікте экология тақырыбында өткен дөңгелек үстелде.
Ол 2021 жылды Қазақстандағы “экология жылы” деп жариялауды ұсынды.
“Бұл мәселеге қатысты ұсынысым бар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде экология министрлігін құрды. Ол алдағы 2021 жылды “экология жылы” жарияласа екен. Себебі, 20 жылда бірде-бір экология жылы жарияланған жоқ”, – деді Арман Хайруллин.
Комментарий