Жаңалықтар | Новости

Биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды

Карантин кезінде мешіттер жабық болғандықтан, Құрбан айт намазы оқылмайды, деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы ОКҚ-ға өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

“Биыл Құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің бекітуі бойынша 31 шілде мен 1-2 тамыз күндері аралығына сәйкес келеді. Дегенмен еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, бүкіл республика бойынша мешіттер жабық болады, соған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды”, – деді Наурызбай Қажы.

Комментарий