Жаңалықтар | Новости

42 500 теңге кімдерге берілмейді?

Бір жолғы әлеуметтік төлем биылғы жылға бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінде беріледі. Төлемді бұрынғыдай мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асырады.

Сондықтан да материалдық көмекке салық салынбайды, ол карантинге дейін әлеуметтік төлемдер жасаған адамдарға берілмек. 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді биылғы шілде айына дейін жұмыс істеп, енгізілген шектеу шараларына байланысты қызметі мен табысы тоқтаған қазақстанрдықтар ала алады.

Осыған орай әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға берілмейді:

  • Карантин кезінде қызметі шектелмеген компанияның жалдамалы жұмысшылары. Шектеу шараларына байланысты ұйымның қызметі тоқтаған жағдайда, жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін өтінім беруі тиіс.
  • Ақылы, декреттік және оқу демалысында жүрген жұмысшылар. Алайда, егер қызметкер жалақысы сақталмайтын демалыста болып, жоғарыда аталған пункттегі санатқа жатса, жұмыс беруші ол үшін өтінім беруі тиіс.
  • Компания қызметінің тоқтап қалуына байланысты ресми түрде жұмыстан босатылған қызметкерлер. Яғни, бұл жағдайда қызметкерлерге 42 500 теңгені жұмыс беруші төлеуі тиіс. Ал егер кәсіпорын жұмысы компанияның өз кінәсінан тоқтаса, өтемақы мөлшері кемінде жалақының жартысын құрауы тиіс.
  • 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында, яғни қаңтар мен шілде аралығында біржолғы төлем жасамаған өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар.
  • Жұмыссыз зейнеткерлер, түрлі жәрдемақы мен әлеуметтік төлем алатын қазақстандықтар, сондай-ақ карантиндік шектеу шаралары кезінде алғаш рет біржолғы төлем жасаған жұмыспен қамтылмаған өзге де азаматтар.
  • Соңғы жарты жыл ішінде табысынан БЖЗҚ жеке шотына міндетті зейнетақы жарналары аударылмаған азаматтық-құқықтық келісімшартпен жұмыс істейтін қазақстандықтар.
  • Жаза өтеу орындарында толық қамсыздандырылған сотталушылар.
  • Өз табыстарын қалпына келтірген жұмысшылар.

Комментарий