Жаңалықтар | Новости

Қазақстандағы коронавирусқа қатысты статистика

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 687 жаңа дерегі тіркелді.

Оның ішінде 911 науқастың ауру белгілері бар, ал 776 пациент коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырды.

Жаңа дерек Алматыда, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында көп тіркелді.

Алматыда COVID-19 жұқтырған науқастар саны 10 мыңнан асты. Атырау облысында барлығы 9 710 адамнан коронавирус табылды, ал Нұр-Сұлтанда 9 243 науқас тіркелді.

Өңірлерде бүгінге дейін және кейінгі тәулікте тіркелген жағдайлар саны:

Алматыда – 10 098(+247);
Атырау облысында – 9 710(+180);
Нұр-Сұлтанда – 9 243(+175);
Қарағанды облысында – 7 681(+140);
Батыс Қазақстан облысында – 5 120(+89);
Шығыс Қазақстан облысында – 4 914(+216);
Шымкентте – 4 576(+22);
Алматы облысында – 3 880(+78);
Жамбыл облысында – 3 122(+75);
Ақтөбе облысында – 2 874(+32);
Павлодар облысында – 2 644(+61);
Қызылорда облысында -2 626(+85);
Түркістан облысында – 2 552(+20);
Солтүстік Қазақстан облысында – 2 540(+89);
Маңғыстау облысында – 2 519(+75);
Ақмола облысында – 2 210(+49);
Қостанай облысында – 2 177(+54).

Елімізде  коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 78 486-ға жетті. Аурудан 48 220 адам айықты, 610 науқас қайтыс болды. Алайда ресми статистикада 585 науқас деп көрсетілген. Өйткені инфекция жұқтырып, қайтыс болғандар туралы дерек аптасына бір рет беріліп жүр.

Комментарий