Жаңалықтар | Новости

Сағыз салмақ тастауға қалай көмектеседі?

Дәрігер- диетолог сағыздың денсауыққа пайдасы мен қаупі жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Росбалт сайтына сілтеме жасап. 

Мәскеулік Денсаулық сақтау департаментінің бас штаттан тыс диетолог-дәрігері Антонина Стародубованың айтуынша, сағыз салмақ тастауға көмектеседі. Себебі, сағыз шайнаған кезде адам тәбетін басқара алады және шайнау бұлшықеттері жақсы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, маман сағыз күйзелісті жеңуге көмектесетінін, өйткені оны шайнау кезіндегі қозғалыстар эмоционалды жағдайды тұрақтандыратынын атап өтті. Сағыз ауыз қуысына да пайдалы екен, өйткені ол ауыз қуысында бактериялардың көбеюін тоқтататын көрінеді.

Маман сағызды жиі және ұзақ шайнау артикуляцияны бұзатынын және бас ауруын тудыруы мүмкін екенін де еске салды. Дәрігер қантсыз сағызды алуға кеңес береді. Сарапшының сөзінше, бір күнде сағызды 30 минуттан көп шайнамаған дұрыс.

 

Комментарий