Жаңалықтар | Новости

Корнавирус аяқталған соң жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі

Мемлекеттік басым міндеттерінің бірі салық салуды анық және сауатты басқару, өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты, деп хабарлайды zakon.kz Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Салық салу – мемлекеттің ежелгі функциясы және қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы негізгі шартардың бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт – халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту.

Кірістерді декларациялау:

көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға;

мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне;

салық базасын кеңейтуте және жеке табыс салығының бюджетке түсімін арттыруға;

ҚР салық төлеушілерінің салықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететін болады.

Жалпыға бірдей декларациялау кейінге қалдырылды және 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады.

Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары.

Бұл ретте әрбір кезеңнің қорытындылары талданып, проблемалық мәселелер анықталатынын және заңнаманы, әдіснаманы және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатынын атап өту маңызды.

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізген кезде жеке тұлғалардың декларацияларын кім ұсынуға тиіс?

Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ыхтиярхаты бар адамдар;

кәмелетке толмаған тұлғалар – тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі, олардың атына тіркелген мүлкік, банктік шоттарда ақша сомасы, дебиторлық берешек және (немесе) кредиторлық берешек болған жағдайда;

шетелдіктер – Қазақстан аумағында мүлкі немесе тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі болған жағадйда.

Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар қандай декларация нысандарын тапсыруға тиіс?

Декларациялау жүйесіне енген кезде ктивтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдарды міндеттемелерін көрсету қажет.

Кейіннен халық жыл сайын кірістер, сатып алған мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады.

Декларацияларды ұсыну мерзімдері

Декларацияны ұсынудың 2 мерзімі көзделген:

15 шілдеге дейін – қағаз тасымалдағышта;

15 қыркүйектен кешіктірмей – электрондық түрде.

Комментарий