Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда айыппұл өседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи демалыс орындарында қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін өсіруді тапсырды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, – деп жазады dauletten.kz. 

«Президент табиғатқа зиян келтіргені және осы саладағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды, сондай-ақ айыппұл көлемін өсіруді тапсырды», — деді министр.

Алдағы уақытта еліміздегі ұлттық парктер мен демалыс орындарында арнайы тексеріс жүреді. Тәртіп бұзған, ережені сақтамаған жандар болса, айыппұл салынады.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, заңда көрсетілген айыппұл мөлшері аз. Көп адамдарға ол соманы төлей салу әлдеқайда жеңіл. Сол себепті президенттің тапсырмасы аясында айыппұлдың көлемі артады. Министрлік заң жобасын әзірлеп жатыр. Күз мезгілінде құжат парламент қарауына енгізіледі.

Комментарий