Жаңалықтар | Новости

Бұрын анықталған пневмония жағдайлары статистикалық жаңа есепке қосылмайды – Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой “Хабар” телеарнасына тікелей эфирде берген сұқбатында осыған дейін Қазақстанда анықталған 234 мың пневмония көрсеткіші КВИ жұқтырудың жаңа статистикасына енгізілмейтінін айтты, ал ол 1 тамыздан бастап есептеледі, деп хабарлайды zakon.kz.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша статистикалық есептеуді бастаған сәттен бастап қазіргі уақытта анықталған цифрларды көрсету ұсынылады. Яғни, ретроспективті талдау жүргізілуі керек, бірақ статистика 1 тамыздан басталуы тиіс.

– Сонда 234 мыңның ішіндегілерді ажыратып, жаңа статистикаға қоспайсыздар ма?

– Иә, дәл қазір біз 1 тамыздан бастап статистиканы есептей бастаймыз және бұл мәліметтерге күн сайын анықталған жағдайлар қосылып отырады.

Комментарий